«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңі басталды

img 20210602 wa0018 Жаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жауынгерлік дайындықтың жаңа оқу кезеңі басталды.

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жеке құраммен мемлекеттік және құқықтық дайындықтан сабақтар өтті.
1-3 маусым аралығында әскери бөлімдер тактикалық-саптық жаттығуларын өткізеді, оның барысында жеке құрам дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейі болған кезде командалық-басқару органдарының үйлесімділігі тексеріледі.

Басты мақсат – әскерлерді жауынгерлік-жедел басқару және басқару жүйесін жетілдіру. Жауынгерлік дайындық аптасы кезінде өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің біз берілген тапсырманы уақытында орындай алу мүмкіндіктерін тексеріп, бағалай аламыз – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жедел бөлімінің бастығы полковник Талғат Кенжетаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз