Жарнама
Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылындағы тарихи жеңіс: Қазақстан студенттері Еуропада топ жарды

Жұмысшы мамандықтар жылындағы тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы  EuroSkills Herning 2025 чемпионатында 7 «Үздік медальон» жеңіп алды. Үздіктер қатарында С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенті Бақдәулет Қуаныш та бар.

64a75d34 f037 4cf9 aab8 4f4dea8485a6

Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатында – EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Тарихта алғаш рет қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Чемпионатқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 үздік жас маман қатысты. Қазақстандық колледж студенттері 25 құзырет бойынша бақ сынады. Олардың қатарында веб-технологиялар, мехатроника, CAD инженерлік графикасы, желілік әкімшілендіру, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, мейрамхана сервисі, кондитерлік іс, автомеханика және басқа да бағыттар бар.

0102ce7e e281 47d4 b959 1ae68978f716

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама төмендегі құзыреттер бойынша жоғары нәтиже көрсетті:

Веб-технологиялар – Мұхаметжан Ағыбай (Астана қ., ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі). Сонымен қатар Қазақстанның Best of Nation – «Үздік өкілі» атанды.

Мехатроника (топтық жұмыс) – Артем Мочинский (ШҚО, Өскемен жоғары политехникалық колледжі) және Данил Турапин (Астана қ., Жоғары политехникалық колледж).

Графикалық дизайн – Бағыжан Қойшыбаев (Ақтөбе қ., Жоғары политехникалық колледж).

Желілік және жүйелік әкімшілендіру (топтық жұмыс) – Данил Лапенко (Астана қ., Жоғары политехникалық колледж түлегі) және Глеб Сауленко (Қостанай обл., Автомобиль көлігі колледжінің түлегі).

CAD инженерлік дизайн – Бақдаулет Қуаныш (Атырау обл., С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледж).

Ұлттық құраманы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  жеңісімен құттықтады. 

«Бұл жетістік техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Жұмысшы мамандықтар жылы біз қазақстандық колледждердің заманауи кадр даярлау орталықтарына айналып келе жатқанын, ал студенттеріміздің халықаралық аренада бәкеге қабілетті екенін көріп отырмыз. Студенттерді, педагогтерді, сарапшылар мен тәлімгерлерді тарих жеңіспен құттықтаймын», — деді министр.

Айта кету керек, EuroSkills – WorldSkills қозғалысы аясында өткізілетін Еуропадағы ең ірі жас мамандар чемпионаты. Оның басты мақсаты – кадрларды даярлау саласындағы заманауи стандарттар мен жетістіктерді көрсету. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан 2 медальон жеңіп алды.Биылғы чемпионат Солтүстік Еуропадағы ең ірі көрме орталықтарының бірі MCH Messecenter Herning алаңында өтті.



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button