Маңызды! «Атырау-Құрманғазы» бағытындағы пойыздың нақты жүретін уақыты белгілі болды

8bc108be909486654f8511528ef26e5b 800x425 1 Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде 16 тамыздан бастап Атырау-Құрманғазы пойызы жүре бастайтыны жөнінде хабарлама тарап жатыр.

Рас-өтірігін анықтау үшін біз жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасымен байланыстық, деп хабарлайды ATPress.kz

«Иә, бұл рас. «Otpan Logistic» мекемесі «Атырау-Д.Нұрпейісова атындағы станса» бағытындағы жолаушылар тасымалының тендерін ұтып алды. Биыл 4 тамызда аталған компания мен басқарма арасында келісімшартқа қол қойылды. Бастысы, ұйымдастыру мәселелері шешілді. Ал, пойыздың нақты жүретін мерзімін алдын ала хабарлаймыз» деді басқарма мамандары.

Атап өтілгендей, қазір кесте белгіленді. «Атырау-Д.Нұрпейісова атындағы станса» пойызының құрамында бір плацкарт пен екі жалпы вагон болады. Пойыз тамыздың соңында жүре бастайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз