
«ZHULDYZDY ZHOL 2025»: Жас дарындарды анықтайды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасы «ZHULDYZDY Zhol 2025» алғашқы телевизиялық реалити-жобасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Жоба 2025 жылдың 5 наурызында басталып, 2025 жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасады және бұл — вокал, аспаптық және халық музыкасы сияқты салалардағы талантты жас орындаушыларды анықтау және қолдауды қарастырады.
Жобаның мақсаттары – Қазақстанның барлық өңірлерінен жас дарындардың шығармашылық әлеуетін ашатын алаңды құру, жаңа идеяларды, батыл креативті шешімдер мен шығармашылық эксперименттерді қолдау, бұл өз кезегінде жаңа есімдер мен музыкалық индустриядағы жаңа трендтердің пайда болуына алып келеді. Димаш Құдайберген мен Іманбек Зейкенов сияқты жұлдыздардың мысалынан шабыт алып, жоба жаңа есімдердің, ерекше композициялардың және аранжировкалардың дүниеге келу алаңы болмақ.
Жобаның міндеттері – өңірлерде ауқымды іріктеу турларын ұйымдастыру, қатысушыларға білім беру шеберлік сыныптарын өткізу және кәсіби дайындық, сондай-ақ жобаны кеңінен жариялау үшін ерекше телевизиялық контент жасау.
«ZHULDYZDY ZHOL 2025» халық музыкасы, вокал және аспаптық музыканың дәстүрлерін біріктіретін алғашқы телевизиялық реалити-жоба болады. Жоба Қазақстанның барлық өңірлерінен жас дарындарға кәсіби қолдау көрсету, үлкен сахнада өнер көрсету тәжірибесін алу мүмкіндігін беріп, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосып, өңірлердің мәдени бірлігін нығайтуға және отандық музыкалық мектептің мәртебесін арттыруға көмектеседі.
«ZHULDYZDY ZHOL 2025» телевизиялық реалити-жобасының ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. ZHULDYZDY ZHOL 2025 – бұл вокал, аспаптық және халық музыкасы саласындағы жас дарындарды анықтауға және дамытуға бағытталған телевизиялық реалити-жоба.
1.2. Жоба республикалық деңгейде өткізіледі және мәдени жаңжақтылықты насихаттауға, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
1.3. Жобаны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі.
2. Мақсаты мен міндеттері
2.1. Жобаның мақсаты:
- Талантты жастарды анықтау және қолдау;
- Академиялық және халық өнерін дамыту;
- Мәдениетаралық диалогты нығайту;
- Жас музыканттарға кәсіби мансап құру мүмкіндігін беру.
2.2. Жобаның міндеттері:
- Қазақстанның әр өңірінде іріктеу турларын ұйымдастыру;
- Қатысушыларға арналған шеберлік сыныптарын және тренингтерді өткізу;
- Телевизиялық контент түсіріп, оны эфирге шығару.
3. Өткізу мерзімі
3.1.Қатысушыларды тіркеу: 2025 жылғы 05 — 25 наурыз аралығында өтеді.
Өңірлердегі іріктеу турлары: 2025 жылғы 01 – 11 сәуір аралығында өтеді.
Жартылай финал (қазылар алқасының қатысуымен және сарапшылардың шеберлік сыныптарымен) Алматы қаласында: 2025 жылғы 26 сәуір – 16 мамыр аралығында өтеді.
Жобаның аяқталуы және жеңімпаздарды марапаттау: Алматы қаласында 2025 жылғы 06 шілде тікелей эфирде көрсетілетін финалдық шоу.
3.2. Іріктеу кезеңі:
Тіркелген барлық қатысушылар іріктеу турына шақырылады. Іріктеу турында төмендегі негізден назарға алынатын болады:
- Орындаудың бейне немесе аудиожазбаларын бағалау;
- Қазылар алқасы мен ұйымдастырушылардың алдында сахнада жеке орындау.
3.3. Іріктеу критерийлері:
Қазылар алқасы келесі аспектілер бойынша бағалайды:
- Орындау техникасы;
- Артистизм және харизма;
- Өзін-өзі сахнада ұстау және эмоциялық көркемдік;
- Репертуар (вокалистер үшін – шығармалардың таңдауы, музыканттар үшін – орындау деңгейі).
3.4. Шоудың форматы:
Іріктеуден өткен қатысушылар бірнеше шығарылымға қатысады, олардың әрқайсысы мыналарды қамтиды:
- Дайындық кезеңдері (жеке жаттығулар, тәлімгерлермен дайындық);
- Түрлі жанрларда конкурс нөмірлерін орындау;
- Қазылар алқасының және көрермендердің (егер көрермендер дауыс беруге қатысса) бағалауы;
- Әр кезең сайын қатысушыларды біртіндеп жобадан шығару.
4. Қатысу шарттары
4.1. Жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 16-21 жас аралығындағы қатысушылар жіберіледі.
4.2. Қатысушыларды іріктеу жеке немесе онлайн кастинг арқылы жүргізіледі.
4.3. Қатысу тегін. Іріктеу турына бару жол шығындарын қатысушылар өздері көтереді. Алайда, іріктеуден өткен қатысушылардың Алматы қаласына бару және тұру шығындарын ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
4.4. Қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматы немесе елде тұрақты тұратын тұлға болуы тиіс.
4.5. Қатысушылардың бір немесе бірнеше бағытта тәжірибесі болуы қажет: вокал, классикалық музыка немесе халық музыкасы.
4.6. 18 жасқа толмаған қатысушыларға жауапты куратор тағайындалады. Кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері баланың жобаға қатысуына жазбаша келісім беруі қажет.
5. Қатысушыларды тіркеу
Қатысу үшін қатысушы келесі ақпаратты көрсетіп, тіркеуден өтуі тиіс:
- Т.А.Ә.;
- Туған күні;
- Байланыс ақпараты;
- Қысқаша өмірбаяны;
- Орындау қабілетін көрсететін 3 минуттан аспайтын бейне немесе аудиожазба.
6. Финалға өткен қатысушылардың бағдарламасы:
6.1. Кәсіби музыканттар мен оқытушылардың қатысуымен шеберлік сыныптар.
6.2. Мәдени-ағартушылық бағдарламалар: театрларға, мұражайларға және шығармашылық іс-шараларға бару.
6.3. Актерлік және шешендік өнер бойынша арнайы сабақтар.
7. Жобаның финалдық кезеңі
7.1. Финалдық концерт, онда үздік қатысушылар мен арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетеді.
7.2. Жеңімпаздар дипломдар, ЖОО-ға білім гранттары, сондай-ақ басты мәдени іс-шараларда өнер көрсету мүмкіндігі сияқты марапаттарға ие болады.
8. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
- Қатысушылар жобаның ережелерін сақтауға, қазылар алқасы мен басқа қатысушыларды құрметтеуге міндетті.
- Қатысушылар қоғамдық сахналық қойылымдарға, дайындықтарға және жоба аясындағы басқа іс-шараларға қатысуға дайын болуы керек.
- Қатысушылар өз өнерлерінің түсіріліміне және оның теледидар мен интернетте көрсетілуіне келісім береді.
- Қатысушылар жарыстың нәтижелерін телевизиялық эфир шыққанға дейін құпия сақтауға міндетті.
- Қатысушылар жобаның ережелерін және ұйымдастырушылар белгілеген барлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
9. Қазылар алқасының шешімі
- Қатысушыларды іріктеу және жеңімпаздарды анықтау туралы соңғы шешімді қазылар алқасы қабылдайды.
- Қажет болған жағдайда, шешімдер қазылар алқасының көпшілік дауысы арқылы қабылданады.
10. Қаржыландыру
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бюджеті есебінен, сондай-ақ демеушілер мен серіктестердің қолдауымен қаржыландырылады.
Музыкалық ТВ-байқауға өтінімдерді
Instagram арқылы қабылдау механикасы
Қатысу шарттары
• Қатысушылардың жасы: 16-21 жас аралығы
• Номинациялар:
- Вокал
- Аспаптық орындау
- Халық музыкалық аспаптары
• Қатысушылар өз номинациясына сәйкес 3 түрлі шығарма орындаған видеоны түсіреді
Өтінімді жариялау
- Қатысушы Instagram-дағы жеке парақшасында бір пост жариялайды (парақша ашық болуы тиіс)
- Постта карусель форматында 3 түрлі шығарма орындалған видео жүктелуі қажет
- Посттың сипаттамасында келесі ақпарат жазылады:
• Аты-жөні және жасы
• Қала
• Қатысатын номинациясы
• Байқаудың хэштегі #ZhuldyzdyZhol
• Байқаудың ресми аккаунтын белгілейді @zhuldyzdy_zhol
Нөмір беру
- Ұйымдастырушылар өтінімдерді қарайды
- Әрбір қатысушыға жеке нөмір беріледі
- Нөмір байқаудың ресми парақшасы арқылы Direct-ке жіберіледі
- Егер 2 күн ішінде нөмір берілмесе, қатысушы ұйымдастырушылармен Direct арқылы немесе көрсетілген байланыс нөмірі бойынша хабарласуы тиіс
Тексеру және іріктеу
• Байқау қазылар алқасы барлық өтінімдерді бағалайды. Instagram парақшасының әкімшісі барлық өтінімдерді Excel кестесіне (аты-жөні, қаласы, номинациясы және посттың сілтемесі көрсетіледі) жинақтайды
• Қазылар алқасы өтінімдерді қарап шығып, тірі тыңдауға жіберілетін қатысушыларды іріктейді
• Әкімші қазылар алқасы таңдаған қатысушылармен байланысып, оларды жанды тыңдауға шақырады
• Іріктеу кезеңінің нәтижелері байқаудың ресми парақшасында жарияланады
Келесі кезең
- Іріктеуден өткен қатысушылар Алматыға шақырылады
- Шығармашылық лагерьге және телешоудың түсіріліміне қатысады
- Байқаудың финалдық кезеңіне дайындалады