Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қаңтар трагедиясы кезінде интернет неге болмады?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар-24» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында қаңтар трагедиясы кезінде интернеттің өшірілуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұны мойындау керек. Менің сол кездегі әрекеттерім сияқты, бұйрығымды да ешкім жөндеп түсіндірген жоқ. Кейін барып қана мен қолмен басқару режимінде «ана жерде мынаны, мына жерде ананы айту керек» деген сияқты тапсырмалар бердім. Яғни, сізбен келісемін, «ақпараттық алаңда» ұтылып жаттық. Оған уақыт та жоқ еді. Білесіз бе, бәріміз көш кеткен соң ақылдымыз. Дәл сол кезде біз туралы кім не дер екен деп ойлап отыруға болар ма еді?», — деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Төтенше жағдай кезінде интернет өшірілмесе, оны пиғылы теріс топтар өз мақсатына пайдаланып кетуі мүмкін болған.

«Интернетке келсек, мұндай жағдайларда ғаламтор тек Қазақстанда ғана емес, бірқатар елдерде өшіріледі. Өйткені оны жосықсыз адамдар өз мақсатына пайдалануы мүмкін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button