Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

ЖҰЛДЫЗДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу жұмыстары жалғасуда.

29 қаңтарда облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің қызметкерлері Жұлдыз-2 ықшамауданындағы жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі бойынша кезекті профилактикалық рейд өткізді. Мақсат – тұрғын-үй секторында өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды насихаттау.

Рейд барысында мамандар үй иелеріне электр сымдарының жай-күйі, электр жабдықтары, газбен жылыту аспаптарының қауіпсіздігі, электр жүйелерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу және ескірген электр сымдарын уақытылы ауыстыру жөнінде айтты.

Барлық тұрғындарға өрт шыққан жағдайда не істеу керектігі айтылған және шұғыл құтқару қызметтерінің нөмірлері бар жадынамалар табыс етілді. Барлығы 562 үйге 590 жадынама таратылды.

«Атырау облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button