ШҰҒЫЛ! Айдалаға аққан судың сұрауы кімнен болмақ? (+ВИДЕО)

snimok 2 Жаңалықтар

Жылыойдың даласында ұңғымалардан шыққан жерасты суы далаға ағып, ысырап болып жатыр. Бұған су мамандары ерекше алаңдаулы. Дегенмен бұл мәселенің ктерілгеніне бірнеше жыл ткенімен, әлі күнге түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Сонда айдалаға аққан судың сұрауы кімнен болмақ?

https://youtu.be/QnpFrSC8A7U

Бір жерде көл, бір жерде шөл

Жуырда облыстың су мамандары мен табиғат жанашырлары бірлесіп, Жылыой ауданына экспедиция ұйымдастырған болатын. Сапардың мақсаты – ОңтүстікЕмбі артезиандық бассейнінің қараусыз жатқан ұңғымаларын аралап, оған қоғамның назарын аудару. Осы топқа қосылған біз Атырау қаласынан таңғы 6.00-де шықтық. Құлсарыға жеткен соң оңтүстік-шығысқа қарай, қара жолмен барар жерімізге бет алдық. Біз бұл жерге жеткенше күн де тас төбеге көтерілген. Қазақтың кең даласы да бойына күн жылуын сіңіріп алғандай. Аспан жерге айналып түсіп тұр. Таяуда ғана GPS жүйесі арқылы жерасты суы ұңғымаларының бағытын түсіріп келген гидрогеолог Жұман Кабесов жол бастаған, Рүстем Утегалиев жүргізген көлікпен алғашқы ұңғымаға да келіп жеттік. Жылыой ауданының өзінде сорғысыз ағып жатқан 170-ке жуық ұңғыма бар болып шықты. Олардың тереңдігі 300-700 метрге жетеді. Біз алғаш жолықтырған Жаңасу жеріндегі ұңғыманың айналасы жер деңгейінен төмендеп, одан аққан су айдалаға көл болып ағып жатыр. Секундына 25 литр су беріп тұрған ұңғыманың бір тəуліктегі көлемін есептей беріңіз. Ол тұнық болғанымен кермек дəмі бар. Сол жерден тұзөлшер құралы арқылы судың минералды тұздылығын өлшеп көргенімізде шамамен 1 литрге 2 граммды құрады. Ал ауыз суының минералды құрамы 1-1,5 грамм. Демек, мамандар айтқандай ниет болса суды тұшыту қиындық келтірмейді. Кейбір ұңғыманың сарқыраған дауысынан құлақ тұнады. Судың жайылған жері көгалға оранып, өрістегі малдың жайылымына айналған. Осы маңдағы ондаған жерасты суының ағысы бірдей емес, жай ғана жылжып ағып жатқан ұңғымаларды да кездестіруге болады. Кен орындарындағы жағдайға алаңдауға толықтай негіз бар. Тіпті алысқа бармайақ, іргеміздегі кейбір өңірлерді шөл басып, қуаңшылық қысып жатқанда, бұл жерде сұраусыз ағып жатқан суға жаның ашиды. Жерден шыққан суды тегін деп ойласақ қателесеміз. Сол ұңғымалардың бойын жағалай қоныстанған бірді-екілі шаруа қожалықтары малын суаратын жерасты суы негізінен жерге сіңіп, буға айналып ұшып жатыр. Ұңғыманы ұқыпты пайдалану керек «Атыраугидрогеология» ЖШС бас директоры Нұргүл Сабурованың пікірінше, қараусыз жатқан ұңғымаларды жойып, малға пайдаланып жатқан ұңғымаларды су кодексінде көрсетілген заңдылық бойынша крандық тəртіпке көшіріп, ұқыпты пайдалану керек. Олай болмаған жағдайда босқа ағып жатқан су тартылып қалуы ықтимал.

– Оңтүстік-Ембі артезиандық бассейніндегі альб-сеноман су шөгіндісі өзінің бастауын Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауынан алады. Əр жылдары қазылған ұңғымалардан қысым арқылы су бұрқағы атқылап жатыр. Мұндағы судың тұздылығы да əртүрлі. Бұл бассейнде шоғырланған жерасты суы мақсатсыз, бақылаусыз, пайдасыз далаға ағуда. Рас, облысымызда су тапшылығы бар. Осының алдын алу үшін ұңғымалардың жұмыстарын тəртіпке келтіріп, қолға алу қажет, – деді жолбасшымыз.

Бүгінде алтынға бағаланған су неліктен бақылаусыз далаға ағып жатыр? Мамандар айтқанындай осылай жалғаса берсе су қорлары сарқылуы мүмкін ғой. Білуімізше, су көздерінің соңғысы 85-інші жылдары қазылған. Сондықтан бассейнді бос ағуына жол бермей стратегиялық қор ретінде сақтап қалуымыз керек. Тіпті болмас а техникалық шешімін т ауып қолданғанымыз дұрыс. «Атыраугидрогеология» басшысы Жылыой ауданының шаруалары 53- тей ұңғыманы пайдаланып отырғанын, дегенмен олар су кодексінде көрсетілген заңдылыққа сəйкес, ағызып қоюға болмайтындығын ескеруі керек екендігін айтты. «Қажет болса, крандық режим арқылы рұқсат алып пайдаланғандары дұрыс» деді Нұргүл Едігеқызы.

https://youtu.be/HoTVqDMmC4Y

Жылыой ауданында Жаңасу, Бəли, Тугаракчан жерасты су кеніштерімен қ а т а р , м и н е р а л д ы қ а с и е т к е ие Сарыбұлақ жерасты су кеніші орналасқан. Оның зерттеліп, бекітілген қоры тəулігіне 170 000 текше метр суды құрайды. Қалай десек те Атырау қаласының күнделікті тұтынатыны 100 000 текше метр су болса, сұраусыз ағып жатқан суды тиімді пайдалану керектігі күн тəртібінен түспейтіні анық. Табиғат жанашырлары бұл суларды өндірісте немесе техникалық мақсатта пайдаланған жағдайда, ҚиғашМаңғышлақ су құбырларына түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік туар еді деп отыр. Көңілге көлеңке түсірген жағдай Бірінші көрген ұңғыманың айналасын шолып болып, бағытымыз бойынша əрі қарай жол тарттық. Байқағанымыздай, жолдың жиегімен жүріп келе жатып, бұрын жүйекке ұқсайтын егіннің орнын көзіміз шалды. Бəлкім, бұрындары ұңғыманың маңынан егін егіп, оны тиімді пайдалануды ойлағандар болуы мүмкін. Осылай жан-жағымызды түгендеп келе жатып, «Мыңғыр» деп аталатын екінші ұңғымаға да келіп қалдық. Ол жерде 2009 жылы жойылған 16- шы ұңғыма бар. Екінші ұңғыманың қасынан көңілге көлеңке түсірер жағдайға куə болдық. Судың жағасынан қазылған шұңқырға қой-ешкінің қырқылған жүні, басқа да тұрмыстық заттар төгіліпті. Бұл табиғатқа жасалған тағылықтың көрінісі еді. Əрине ол осы маңдағы шаруалардың ісі екені анық. Əйтпесе оны алыстан келіп ешкім бүлдіріп кетпес еді. Өздерінің малы жайылатын жерге қоқыс төгудің, айналаны бүлдірудің не қажеті болды екен?! Өзіміз қажет етпей, қадіріне білмей тұрғанда даладан келіп қарық қылады деу де əбестік. Біз көрген екі ұңғыманың да жағасынан кішкене шабақ балықтарды да, шырматылып қалған ауды да көрдік. Одан əрі үшінші ұңғымаға табан тіредік. Бұл жерде екі тұрбаның бірінің қысымы қатты. Келесісі сыздықтап а ғ ы п ж ат ы р .

Е к і н ш і с і н і ң д ə м і алдыңғыларындай емес, тұздылығы да едəуір аз. Күн төбеден ауған шақта шығыстағы шекаралас Ақтөбе облысы, Дияр ауылының аумағындағы төртінші ұңғымаға жақындадық. Ұңғыманың басынан Дияр ауылының тұрғыны, өзін «Таң» шаруа қожалығының иесімін деп таныстырған Талғат Байсеңгіровті жолықтырдық. Оның айтуынша, осы маңда 11 жерасты ұңғымасы бар. Шаруалар бұл ұңғыманың аузына тұрба салып, мал суаруға ыңғайлы етіп астау қойған. Шаруа қожалығы иесінің сөзінше, жерасты суын қыстыгүні өрге қарай бағыттап ағызады да, қыс бойы аққан су, жазда шабындықтың бітік шығуына сеп екен.

Қарапайым тұрғындар, жерасты суларын өздерінің мүмкіндіктерінше пайдаланып жатыр. Талай жылдан бері қордаланып келе жатқан табиғи байлықтарымыздың сөзбұйдаға салынып, шешімін таппай келе жатқанын құзырлы мекемелер мен жауапты тұлғалар назарға алып, осы шаруаның оңтайлы шешімін табуға атсалысса екен дейміз.

Алмас ҚАБДОЛОВ
 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз