Жүктелген жауапкершілік ел мүддесін көздейді
Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов өңірге сапары барысында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз клубында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріменкездесті.
Шілденің 5-інен бастап облысқа ат басын тірегенхалық халаулысы әуелі Жылыой, Мақат аудандарындаболды. Құлсары қаласында бірнеше нысанды аралап,Қосшағыл ауылындағы №2 мектептің ғимаратыныңқұрылысымен танысты. Құлсары қаласындағытеміржол вокзалы мен орталық жылу қазандығыныңжұмысын және «Атырау» шағынауданында жаңадансалынған 5 қабатты 100 пәтерлік 3 үйдің жағдайынбақылады. «Жадырасын» шағынауданындағы карьер мәселесі де депутаттың назарынан тыс қалмады.
Бүгінде Мақат ауданында проблемалық мәселелераз емес. Көпшіліктің көкейіндегі басты сұрақ – Доссор және Мақат кенттеріндегі тұзды көлдерді көмужұмыстары бірнеше жылдан бері шешімін таппай, сағызша созылып келеді. Сонымен қатар, бұлөңірлердегі апатты жағдайдағы ескі үйлердің жағдайыкөңіл көншітпейді. Аталған проблемалар депутаттыңнегізгі нысанасына алынды.
«Жүктелген жауапкершілік – ел мүддесін көздейтінін» басты қағидасы ретінде ұстанған депутат Мақат кентіндегі теміржол станциясының жағдайымен және орталық көшелердің ахуалымен де танысты. Аудандағы әртүрлі мәселелер бойынша қоғамбелсенділерімен кездесу ұйымдастырылып, бірқатарпроблема талқыланды.
Атырау қаласындағы «Атырау облысы Су арнасы» мекемесінде болып, құбырларының тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрған нысанның бүгінгі тынысын көрді. «Талғайраң» шағынауданындағы құрылысыаяқталса да, тұрғындарға әлі күнге дейінтапсырылмай жатқан көп қабатты үйлерді аралап, инфрақұрылым жұмыстарын қарап шықты. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментіне табан тіреп, тәртіпсақшыларымен кездесу өткізді.
Ал, журналистермен өткен баспасөз-конференциясында республика Парламенті Мәжілісінің VІІІ шақырылымдағы бірінші сессиясының жұмыс нәтижесімен таныстырды.
– Алғашқы сессия жұмысы жүз күнге созылды. Бірақ, осы аралықта атқарылған жұмыс өте маңызды, әрі мазмұнды болды. Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобасының депутаттарың бастамасымен әзірленуі. Оларға сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, сұраныстары мен ұсыныстары арқау болды.
Сондай-ақ, сессияда Мәжілісте алғаш рет Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды. Онда халықты толғандыратын ең өзекті тақырып – жылумен қамту мәселесі көтерілді. Мәжілістің VIII шақырылымдағы бірінші сессиясы барысында әріптестермен 12 заң жобасына бастамашылық етіп, есепті кезеңде Парламент Сенатына 6 заң жобасы жіберілді. Бүгінде оның бірқатары қолданысқа енгізіліп үлгерді, — деді Әділ Орынбасарұлы.
Мәжілісмен өзі тарапынан еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде берілген ұсыныстарымен, көтерілген депутаттық сауалдарымен таныстырды. Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА