Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Жолдар қашан қалпына келтіріледі?

ЖЫЛДА ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ҚАР МЕН МҰЗДАН АРЫЛҒАН КЕЗДЕ ЖОЛДАР ШҰРЫҚ-ТЕСІККЕ АЙНАЛЫП ШЫҒА КЕЛЕДІ. БИЫЛ ДА ОСЫ КӨРІНІС ҚАЙТАЛАНЫП ОТЫР.

– Былтырғы сəуір айының басында Атыраудың орталық көпірі уақытша жабылып, жол шұңқырлары жамалған болатын. Бірақ бүгінде оның ізі де білінбейді. Жаңадан ойықтар пайда болған. Көлікті тізгіндеген жүргізушілер əдетте ондай қауіпті, қозғалысқа қолайсыз тұстардан айналып өтуге ұмтылады. Бұл жол бойында апатты жағдайлардың орын алуына себепші болуда, — дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық қызмет, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ержан Хайноллаев.

Оның айтуынша, Тұрғындар қалашығы арқылы өтетін көпірдің жолында ойлы-шұңқырлы жерлер аз емес. Сəтпаев даңғылындағы жағдай да мəз болмай тұр. Əсіресе, даңғылдың Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы – Атырау музыка колледжі мен «Абай» аялдамасы тұстарындағы жағдайы сын көтермейді. Ойдым-ойдым жерлері көп. Ендеше бұл да жеделдетіп жөнге келтіруді қажет етеді.

Маманның мəліметінше, осындай жағдайларды қаперге ала отырып, жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта қазір мердігер мекемені анықтау үшін ашық электронды конкурс жарияланған. Оның жеңімпазы белгілі болғасын, сəуір айынан кешіктірілмей жөндеу жұмыстары басталады. Алдын ала жасалған есепке қарағанда, ақаулы учаскелер бойынша барлығы 25 мың шаршыметр аумақты жөндеумен қамту жоспарланған. Бірінші кезекте орталық көпірдегі ойықтар қалпына келтіріледі.

Дəулетқали АРУЕВ

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button