097b9001 c113 4a24 80d4 cd7ac05393e8

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/25 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясында да өз деңгейінде аталып өтті. 

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты шарада шоқтығы биік білім ордасының бұл оқу жылын да толағай табыстармен аяқтағанына куә болдық. «1911 оқушы оқу жылын тәмамдап, білім сапасы 65 пайызды құрады.  292 оқушы оқу озаттары атанды.  Биыл 93 түлек мектеп бітіруде. Оның 81-і ҰБТ-ға қатысады. «Алтын белгіге»  – алты, «Үздік аттестатқа» 16 түлек  үміткер болып отыр.

Сондай-ақ, дәстүрлі пәндік олимпиадалар мен халықаралық деңгейдегі білім бәйгелерінде оза шапқан жүлдегерлер, ғылыми-шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары мен спорт саңлақтары да аз емес. Бұлардың барлығы – мектептің беткеұстар мақтаныштары» деді білім ордасының директоры Гүлфия Есқайырова. Салтанатты жиында оқу озаттары – мақтау грамоталарымен, жетістікке жеткен оқушылар әртүрлі номинация бойынша дипломдармен марапаттады. Алтын ұяларынан қанат қағып ұшқалы тұрған түлектерге ақ тілектер де айтылды.  Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Сандуғаш Мұхамбетқалиқызы мектептің жаңашыл жұмыстарының нәтижелі екенін баса айтып, барша жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Сан алуан жүрекжарды лебіздерді тыңдап, ұстаздары мен ата-аналардың ақ батасын алған түлектер де алтын ұяларына деген қимастық сезімдерін білдірді.  Мектеп бітіруші түлектер атынан «Алтын белгіге» үміткер, қазіргі таңда Америка құрама штатында  оқып жатқан Айгүл Мұратова және мектеп белсенділері Нұрсұлтан Жанұзақов, Ромина Асқарова біліммен сусындатқан аяулы ұстаздарына алғыс тілектерін арнады.    Өздерінің артынан ерген кейінгі сынып оқушыларына алтын ұяларының атына дақ түсірмей, мектеп туын қашан да тік ұстау қажеттігін аманат етті.   Жиында өнерлі оқушылар ән-жырдан шашу шашты.  Сыңғырлап соңғы қоңырау соғылды. 

Нұргүл МАКАРОВА, 

мектептің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі: 

– Мектеп қабырғасында  11 жылда қоңырау үні 21 мыңнан аса қағылыпты. Биылғы оқу жылының соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп түлектері «Алтын белгіге» үміткерлер – Сәуле Аққалиева, Мөлдір Қанатбекова және Сұлтан Сибатов, «Үздік аттестатқа» үміткер Әмірхан Ізмағанбетов пен 1 сыныптың үздік оқушыларына бұйырды. Бұл түлектеріміздің 11 жыл бойғы шыққан шыңдары аз емес. Алдағы уақытта да сынақтардан сүрінбей өтіп, ұстаздар мен ата-аналарының үміттерін ақтайтынына сеніміміз мол. Ал,бастауыш сыныптар бойынша айтар болсақ, бұл оқу жылы олар үшін де жемісті болды. Бастауыш сыныптарда 1014 шәкірт болса, оның 211-і оқу үздігі, 493 оқушы оқу екпіндісі. Жалпы білім сапасы 70 пайызды  құрады.

Айнұр ИСАҒАЛИЕВА,

ҚР Білім беру ісінің үздігі, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері:

– Бүгінгі соңғы қоңырау үні биылғы түлектердің алғашқы ұстазы,әрі ата-ана ретінде маған да ыстық болып тұр.»Білім негізі – бастауышта» дегендей, шәкірттерім бастауыш мектептен алған білімдерін жоғары сыныпта кеңінен жалғастырып, білікті педагогтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде XXI ғасырдың ауқымды дағдыларын  бойларына сіңіре білді. Бұл ретте мектеп бітірушілердің алғашқы ұстазы, ата-ана ретінде мен төрт жыл бастауышта дәріс берген шәкірттерімді таудай қылып, алтын ұядан ұшырып жатқан мектептің ұжымына алғысым зор. Түлектерге сәт-сапар тілей отырып, болашақта олардың тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті мамандары боларына сенемін. 

Алтыншаш Құрмашева

394d4f71 1c88 4566 a970 08774321f646
02c7ab1d 4f47 4f2d a4ea ae8540836612
b040d0ce 47d9 427f a55f 8c4479030f10
88369825 4a6b 4a6d 98d8 1058164799e7
c15ef34b 7e33 4c08 8fc3 b92ab1bd913c
dc82a4e3 de41 420c b9ef 26e851b8d8ed
5cbded91 dc01 4393 af3b 381600bbed16
d58d2765 0bb6 4ea8 8f8a f40a0a8fb929

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған