4377841

Алдағы мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. Желтоқсандағы мереке күндері төрт бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс «Алматы-2»-ден 28 қараша, 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 желтоқсан және 2, 6 қаңтарда шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта аттанады.

«Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс «Алматы-2»-ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан, сәйкесінше, 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері шығады.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 6 қаңтарға дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 7 қаңтарға дейін тақ күндері жүреді.

«Нұр-Сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған екі рейс 31 желтоқсан мен 2 қаңтарда жүреді. Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы 8 желтоқсаннан бастап күн сайын қатынайды.

Барлық сұрақ бойынша «105» бірыңғай анықтама қызметінің нөміріне хабарласуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған