Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жоғалған Доссор тұрғыны табылды

Атырау облысының Мақат ауданында жоғалған адам табылды.

Кеше сағат 17.12-де Мақат ауданының Доссор кентінде жоғалып кеткен ер адам табылды. Ер адаммен бәрі жақсы, медициналық көмек қажет емес. Белгілі болғандай, жолда көлік бұзылып, ер адам қыстауға жаяу жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 12 ақпан күні «Қаратал» кен орнына бағыт алған «Арна» ЖШС-не қарасты жанармай тасығыш «Урал» жүк көлігімен 1995 жылы туған жүргізуші шығып кетіп, кен орнына барамаған. Іздеу Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Арна» ЖШС, сондай-ақ туыстарының күшімен жүргізілді.

Егер Сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және көмек қажет болса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button