Атырауға медициналық препараттардың үлкен партиясы бар тағы бір жүк көлігі келді

img 20200716 wa0015 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. Кеше яғни 15 шілде күні Атырауға тағы да ірі көлемде дәрі-дәрмек жеткізілді, оның ішінде коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін медициналық препараттар да бар.

Алматыдан Атырауға жалпы құны 220 млн.теңгені құрайтын 470 дәрі-дәрмектің 2 мыңнан астам қораптары жеткізілді. Алынған дәрі-дәрмектердің ішінде антибиотиктер мен қызу түсіруге арналғар дәрілер бар. Бұл дәрі-дәрмектер облыстың дәріханаларына бүгін-ертең таратылады.

Бұрын препараттар теміржолмен жеткізілетін.  Оған 10 күн немесе одан көп уақыт кететін. Ал қазір облыс әкімдігі дәрі дәрмектерді ұшақ және жүк көліктерімен жылдам жеткізуде ұйымдастырып отыр. Облыс әкімдігі дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу жұмыстары жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, кеше Атырауға Алматыдан COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған медикамент тиеген ұшақ келген болатын. Сондай-ақ, препараттардың бағасының белгіленген мөлшерден аспауын және олардың әр адамға тиесілі мөлшерден артық сатылмауын қадағалу үшін  облыс әкімдігі мен  «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігі және  Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арнайы меморандумға қол қойған.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз