Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жиырма бес жылдыққа — жиырма бес мың теңге

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықтың көптеген категориясына әлеуметтік көмектер берілетіні жайлы әңгіме кең тарап кетті. Шыны керек, оқырмандар осы мәселенің анық-қанығын редакцияға телефон шалып, аяқтай келіп сұраумен болды. Бүгін біз Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі әкімшілігінен келген жауапты жариялап отырмыз. 

d5f45cf637c599694cf599252eeb3e71_xl

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың тұрмысы төмен топтарына 25 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленетіндігі хабарланады. Оның ішінде:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына (жан басына шаққандағы жанұяның табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасылары — 9603 теңге);
  2. 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушы отбасыларына (жан басына шаққандағы жанұяның табысы азық-түлік себеті мөлшерінен төмен отбасылары — 14 404 теңге);
  3. Тұрғын үй көмегін алушыларға (жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылары — 24 007 теңге);
  4. Жанұяның айлық табысы жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен, аз қамтылған отбасыларына (күнкөріс деңгейінің мөлшері — 24 007 теңге).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырындағы №504 Қаулысы негізінде жергілікті өкілетті органның шешімімен бекітілген ереже бойынша (1 бөлімнің 5 тармағы) әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндерге байланысты  жылына бір рет қана тағайындалатындықтан, ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген санаттағы отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға төленеді.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша уәкілетті органда тіркелген аз қамтылған отбасыларының сандары нақтыланып, тізімі жасақталды.

Қосымша сұрақтар бойынша Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің 76-60-21, 76-31-01, 76-60-24 анықтама телефондарына хабарласып, түсінік алуға болады.

Атырау қалалық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

АХАТ бөлімінің әкімшілігі.»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button