Он екінші күн «жасыл аймақта»: Атырауда 33 адамнан коронавирус анықталды

img 20210210 wa0098 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 33  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 15 жұмысшыдан, Жылыой-1, Құрманғазы-1, Мақат ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде  ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 42 адам  емделіп шықты. Қазіргі уақытта 115 адам үй жағдайында емделуде. 


Облыстық инфекциялық стационарда  70  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 19, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 215 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты  бүгін, он екінші күн – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз