Тасқынға қарсы тас-түйін дайын

9ff7c58d 8e76 4246 90c1 f47ff4bf0de8 Жаңалықтар

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылының маңындағы бөгеттерді топырақпен биіктетіп, нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықовтың айтуынша, өткен жылы көктемгі тасқын кезінде Ойыл өзенінің бойындағы «Құмөткел» аумағын су жырып, Миялы ауылын басып қалу қаупі туындаған. Сондықтан биыл 1 экскаватор, 2 жүктиегіш, 2 «КамАЗ» секілді арнайы техникалардыңкөмегімен жырылған жерді топырақпен және қосымша трасса алқабына қарай шығатын су жырасын сазбен бітеу жұмыстары жүргізілді.

– Сондай-ақ, Сақал ата бағытының айналма жағындағы 800 текше метр бөгетті сазбен биіктетіп, нығайту жұмыстары жүргізілсе, дәл осындай жұмыс наурыз айынан бастап Бәйсеу ықшамауданы маңында орналасқан бөгеттердің аумағында атқарылған. Бұған қоса, аласа бөгеттерді жүк тиегішпен биіктетіп, нығайту жұмыстары жүргізілетін болады, – деді С.Салықов.

Саз төгу жұмыстарына аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Атырауинжстрой», «Ассана-ДорСтрой» ЖШС, «Шерали» жеке кәсіпкерлігі және «Тазалық» мекемесінен арнайы техникалар жұмылдырылып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз