Жерлестеріміз әлем мықтыларымен кездесуде 16:0 есебімен жеңіске жетті (фото)

Звездный час 1 Жаңалықтар

Халықаралық спортшылар күніне орай облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жауынгерлік жекпе-жек түрлерінен «Atyrau Sport Fest – 2017» спорт фестивалі өтті.

Звездный час (1)

Аламан додада спорттық жекпе-жектің ММА, дзюдо, самбо, жауынгерлік самбо, таэквондо, жекпе-жек, каратэ, бокс, кикбоксинг, панкратион, грек-рим күресі, джиу-джитсу, киокушинкай, еркін күрес сынды түрлерінен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүйріктер бақ сынасты.

Атырау облысының спортшыларымен бірге Бразилия, Иран, Марокко, Испания, Тайланд, Түркия, Корея, Бельгия, Польша, Әзeрбайжан, Грузия, Ресей, Украина, Армения және Латвия мемлекеттерінен келген сайып-қырандар   шеберліктерін сынға салды. Жылдың үлкен спорт мерекесіне халық көп жиналды.

Фестивальдің ашылу салтанатында  жекпе-жек қатысушыларына сәттілік тілеген аймақ басшысының орынбасары Сәлімжан Нақпаев мұндай жарыстардың облыс орталықтарында өтуі  жергілікті жастардың спортқа деген ынта-жігерінің артуына зор септігін тигізетінін атап өтті.

Спорт1

Шара барысында Сәлімжан Жұмашұлы облыста дзюдо және қазақ күресі мектебінің негізін қалаушы, спорт ардагері Әсілбай Исабеков, еркін күрестен спорт ардагері Сулико Козонов, бокс-тан халықаралық дәрежедегі төреші, Индер ауданындағы көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Алтыбай Ермұқан және спорт ардагері, №1 олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері  Бағытжан Рахбиевті Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің «Денешынықтыру және спортты дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, облысымыздың спортына көп үлес қосқан азаматтар медальдар және Алғыс хаттарға ие болды.

Дүбірлі додаға құрметті қонақ ретінде каратэден әлем чемпионы, джиу-джитсудан Кеңес Одағының, Еуропа және әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Әшім Қали келді.

Спорт4

—  Қырық жыл көлемінде жекпе-жек өнерінің басында жүрмін. Талай жетістіктерге жеттім. Бір арманым бар еді. Ол – бүкіл жекпе-жек түр-лерінің басын қосып, үлкен спорттық шара ұйымдастыру. Бүгін менің алдымды Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бауыржан-ұлы орап кетті. Азамат Қазақстан жұртына тұңғыш рет теңдессіз жекпе-жектер кешін ұйымдастырып отыр. Мұндай шара бұрын-соңды елімізде болмаған. Сол себепті Атырау жұртшылығына керемет кеш үшін алғысымды білдіремін,- деді Әшім Қали.

Спорт мерекесіне әлемге әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедов те қатысты. Ол Атырау халқының спортқа деген қызығушылығына таң қалғанын айтты.

Спорт3

– Мен Қазақстанда бірнеше рет болғаныммен, Атырау қаласына алғаш рет келдім. Халықтың осыншама көп жиналғанын көріп, таң қалып отырмын. Жекпе-жек түрлері бұл қалада танымалдылыққа ие екенін білмеппін. Елдің спортқа зор ықыласпен қарауы өте қуантарлық жағдай,-деді Х.Нурмагомедов.

Спорт фестивалінің алғашқы кездесуінде қазақ халқының ұлттық спорт түрі–жекпе-жектен аралас жекпе-жек ММА-дан Грузия чемпионы, 2016 жылы Қытайда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы Хорава Акаки мен атыраулық спортшы, жекпе-жектен 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогінің иегері, әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері Әнуарбек Батаев  шықты. Жерлесіміз қарсыласын көзді ашып-жұмғанша қатты соққымен сұлатып салды.

IMG-20170821-WA0023

Келесі грек-рим күресінен Бразилия елінің спортшысы,  2015 жылғы панамерикалық ойындарының жүлдегері  мен грек-рим күресінен 2014 жылы Қытай елінде өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың жүлдегері, Азия чемпионатының       жеңімпазы    Евгений Поливадов шығып, Атырау спортшысы жеңімпаз атанды.

Он алты спорт түрінен өткен жарыста Атырау облысы спортшыларының барлығы да жеңіске жетті. Жанкүйерлер үшін қызықты ойын көрсеткендердің қатарынан ММА шебері, Қазақстан чемпионы, кәсіпқой ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы  Исатай       Теміров  Бразилиядан келген Фортунадо Лапаны нокаутқа жіберді.

Р.S. «Мұз айдынына» сыймаған халық жарысты сарай алдындағы Led экрандар арқылы да тамашалады. Арена ішіне бес спорттық алаң жасақталып, спортшылар сәйке-сінше бірінен соң бірі кездесулерін өткізді.  Атырау халқы үшін «Atyrau Sport Fest – 2017» ұзақ уақыт айтып жүретіндей үлкен әсер қалдырды.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз