Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

sjrwso4q Жаңалықтар

Атырауда бүгін Атырау-Дамба тас жолы Қызылбалық ауылы тұсында жол-көлік апаты орын алды.

«17 жастағы жүргізуші басқаруындағы Honda Odyssey және 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2114 автокөліктері арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Түрлі дене жарақатын алған 1 жолаушы мен жүргізуші Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Іс-құжаттар жинақталуда», – деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, алғашқы көмек 1 ересек, 1  жасөспірім балаға көрсетілді. Қазіргі таңда әр түрлі сыртқы дене жарақатымен облыстық аурухана және облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жасөспірімдер басқарған автокөліктер соқтығысқан, ауыр дене жарақатын алған мектеп түлектері бар деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қала аумағында мектеп түлектерінің көлік басқарып, көлік құралының терезесінен денесін шығарған деректер бойынша дер кезінде анықталып тиісті шаралары қабылданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз