Жерлес жауынгердің жекпе-жектегі жеңісі (+ФОТО)
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгері аралас жекпе-жектен өткен Alem Fighters халықаралық турнирінде
алғашқы жеңісіне жетті.
Қазақстан Республикасының әскери қоян-қолтық күресінен чемпионы, 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Отар Нұрбек аралас жеке-жектен Атырауда өткен Alem Fighters халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Оның рейндждегі қарсыласы ретінде грузиялық жас спортшы Танзилови Отари шықты. Жекпе-жектің екінші кезеңі қазақстандық жауынгердің таза жеңісімен аяқталды.
Ефрейтор Отар Нұрбек Атырау қаласындағы «Батыс арландары» ұрыс клубы қатарында дайындалуда және бүгінгі күні Қазақстан Республикасының қоян-қолтық күресінің чемпионы болып табылады. Alem Fighters халықаралық турниріндегі бұл оның кәсіпқой рингтегі тұңғыш кездесуі болды. Алайда мамандар оның рекордында әлі талай жеңістер болады деп болжауда.
Аман ШАМАР