Жерге жақындаған ғарыштық дауыл тұрғындардың денсаулығына әсер етпек

Жаңалықтар

Жерге жақындаған ғарыштық дауыл салдарынан 24 ақпан күні қазақстандықтардың басы ауырып, шаршаңқы күйге түсуі мүкін.

pogudx4c002l994ut.6edd731a

Егер бүгін тез шаршап, тез ашуланып жүргеніңізді байқасаңыз, бұл Жерге жақындаған ғарыштық дауылдың кесірінен болуы ғажап емес. Тіпті адамдардың дені бас ауруын сезінетін болады дейді Рентгендік астрономия лабораториясының зерттеушілері.

Мамандар Күннің белсенділігі артқанын және жойқын энергетикалық қалдықтардың шығып жатқанын байқаған. Олардың бірі Жерге жетіп, оның геомагниттік өрісіне әсер етеді деп күтілуде.

Ғалымдар ғарыштық дауылды негізінен орта ендіктегі тұрғындар, оның ішінде қазақстандықтар айқын сезінеді деп болжап отыр. Жоғары метеосезімталдыққа ие адамдарға бұл күн қиындау болмақ. Тіпті спутниктік байланыста ақаулар болуы ғажап емес.

Қазақстан аймағында солтүстік шұғыланы көру мүмкіндігі де пайда болады. Ғарыштық дауыл ақпанның соңына дейін жалғаспақ.

Максим Удодтың материалынан аударылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз