Атыраулық полицей соғыста жоғалған әскердің туыстарын табуға көмектесті

whatsapp image 2020 09 22 at 08.29.00 1 Жаңалықтар

atr.kz/23 қыркүйек, 2020 жылАтырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев  облыс Полиция департаментінің Жергілікті  полиция  қызметінің аға инспекторы полиция майоры Бағытжан Исаевқа Атырау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатын табыс етті.


«Атамның аманаты» республикалық қоғамдық қоры соғыста ізсіз жоғалып кеткен қызыләскер Темірәлі Сәрсенғалиевтың туысқандарын табуда өздеріне көмек көрсеткен Атыраулық полиция майоры Бағытжан Исаевтың еңбегіне   алғыс білдіріп, Атырау облысы әкімдігіне хат жолдаған.


…Темірәлі Сәрсенғалиев 1922 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының
Жамбыл колхозы, Мұратов ауылдық кеңесінде туған.  Отан соғысында  «Қызыл жұлдыз» және «Сталинградты минадан тазартудағы еңбегі үшін «, «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. 1945 жылы  Чехословакия елінің Тиковица ауылында із-түссіз жоғалып кеткен.


Суретші П.И.Баранов салған Т.Сәрсенғалиевтың суреті Ресей
Федерациясы Волгоград қаласындағы мұражайда «Сталинградская битва» панорамасында орналастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз