Жарнама
Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушыға арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады.

Республика Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – білім беру мекемелері үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

–Бүгінде мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның нәтижесінде 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елдімекендерде орналасқан, — дейді аталған министрліктің Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Айта кету керек, былтыр барлығы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Білім ордалары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ал білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушыны қамтитын 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button