Жем өзеніндегі су азаюда

gddzukzc7fiksjve1kqnsdqla9dj2owo63qt8kzb Жаңалықтар


Жем өзенінің деңгейі бір тәулікте 24 сантиметрге төмендеген. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Ал Волгалық гидроэлектр бекеттен жіберіліп жатқан су есебінен бүгін Қиғаш-Шортанбай гидропостында су деңгейі тағы 6 сантиметрге көтерілді. БҚО-дан келетін су бір тәулікте Индербор кентінде – 9см, Махамбетте – 16см, Атырау қаласында 12 сантиметрге көбейіпті.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз