МІНДЕТТЕР ТЕРЕҢ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жуырда Атырау облыстық Әділет департаментінің қызметкерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда жүктеген міндеттерді қызу  талқылады.

 Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, керексіз қағазбастылық үрдісін азайту мәселелері қаралды. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру де назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда департаменттің құқықты түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Әсима Есенбаева өткен жылы «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету» Заңы қабылданып, оған мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары жұмылдырылғанын айтты. «Құқықтық ақпарат ешкімге шек қойылмай, азаматтар мен заңды тұлғалардың бәріне бірдей беріледі» деп атап өтті Ә.Есенбаева.    

 

Жолдауда нақтыланған тағы бір талап – сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзгісіз ахуал қалыптастырып, жаңа бағдарламаны іске асыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс.Осы бағытта Елбасы қолдауымен «электронды үкімет» жанданып келетіні де айтылды.

Шара соңында Елбасы Жолдауын насихаттау, халықтың құқықтық деңгейін көтеру және Әділет органының қызметтерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат тобының елді мекендерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде айтылды.

Ғалия ШАХМЕТОВА,

Атырау облыстық 

Әділет департаментінің 

баспасөз хатшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз