Жарнама
Жаңалықтар

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Қазгидромет желтоқсан айына арналған ауа райына болжамжы жариялады.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты артып, қар, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы15-25 м/с дейін жетеді. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың батысы мен қиыр солтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Содан кейін Салехард аудандарынан арктикалық суықтың тағы бір бөлігімен ауа температурасы төмендейді:

— еліміздің батысында түнде -13-23°C дейін, күндіз -5-15°C дейін;

— солтүстікте және орталықта түнде -25-33°C дейін, күндіз -12-25°C дейін;

— шығыста түнде -25-37°C дейін, күндіз -17-23°C дейін;

— оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10-22°С дейін, күндіз -3-13°С дейін суытады.

Бірінші онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан циклон тұрақсыз ауа райын тудырады, ҚР солтүстік-батыс өңірлерінде, аяздың бәсеңдеуіне әкеледі.

Болжам бойынша 2022 жылғы желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен алмасып отырады.

Жалпы, болжам бойынша желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, республиканың қыир батысында, солтүстігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде — нормадан көп, еліміздің шығыс бөлігінің басым аймағында, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста норма шамасында болмақ.

фото: pixabay.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button