Жылыой ауданында Steam зертханасы ашылды

0eeaca30 56e1 4ba2 9097 f8652b5e2585 Жаңалықтар

Құлсары қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп базасында тұңғыш рет Steam зертханасының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақова мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Д.Аронов құттықтау сөз сөйлеп, зертхананың лентасын қиды. 

Іс-шарада зертханаға экскурсия жасалып, ғылыми-инженерлік жабдық жеткізу саласындағы көшбасшы компанияның өкілдері және мұғалімдер мен оқушылар қатысушыларға химиялық эксперимент түрлерін көрсетті. Сондай-ақ, аудан оқушылары мен арнайы ұйым бірлесіп жасаған əуе зымырандары ұшырылды.

Зертхана «Zhylyoy STEAM Mekeni» жобасы аясында Теңізшевройл компаниясының қаржылай қолдауымен ашылып отыр. Зертхана аумағы 100 шаршы метрді құрайды және профильдік бағыттары бойынша үш аймаққа бөлінген. Олар: химия-биология, физика-математика бағыттары бойынша кешендер және FIRST атты əлемдегі ең ауқымды ғылыми-инженериялық қозғалысының халықаралық стандарттарына сай бөлек инженерия аймағы.

20e0a84d 9777 4ebd 8d55 5d26e403d08a

Steam зертханасы мектеп аясында оқушылар үшін тек тəжірбиелер мен мектеп бағдардамасы бойынша сабақ өткізетін орын ғана емес, сонымен қатар заманауи жобаларды іске асыруға, топтық жұмыс пен креативтілікті, ғылыми жəне инженериялық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми кеңістік.

Айта кетейік, бұл – аудандағы алғашқы Steam зертханасы. Бұған дейін аудан оқушыларына арналған арнайы технопарк және жас техниктер станциясы ашылған болатын. Онда 1500-ге жуық оқушы білім алуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз