Жарнама
Жаңалықтар

Желпиді жыр-самалы жетпісінде

«Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтарының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы және Тауман Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері, қарымды да қабырғалы қаламгер, ақын, жалынды журналист Таңатар Дәрелұлы 70 жасқа толды. Әріптесіміздің жетпістің желкенін керген мерейлі тойы салтанатпен аталып өтті.

Салтанатты шара басталмас бұрын жерлестері халқымыздың дәстүрімен мерейгерге тұлпар мінгізіп, иығына шапан жапты. Құрманғазы ауылындағы Смағұл Көшербаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жалғасқан салтанатты шараның шымылдығы Таңатар Дәрелұлының жырларымен ашылды. Ақын өлеңдері өнерпаздардың сахналауымен көрермен назарына ұсынылды. «Желпиді жыр-самалы жетпісінде» аталған салтанатты шара одан әрі түрлі ұлығылау сәттеріне ұласып, мерейді үстем еткен марапаттаулармен жалғасын тауып, кештің шырайын келтірген өрелі өнер кезектерімен өрілді.

Соңында қаламгердің жақында ғана баспадан шыққан жыр кітаптарының тұсауы кесілді.

Дәулетқали АРУЕВ

Құрманғазы ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button