Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Желіні жарған жарнама

Соңғы кездері «мотивациялық шара» дегендер көбейіп кетті. «Инстаграмм» парақшасын ашып қалсаң, бизнестен мол табыс тапқан немесе желілік маркетингте байлыққа кенелген адамдар берген жарнамалардан көз сүрінеді.

wpid-91c46bffb15bd809f640db5a3fdf3f69

Мен қызығушылық танытып, біреуіне барған едім. Орындар санаулы, бағасы да аз емес. Келсем, «мотивациялық» кештің спикері той жүргізу-шісі, яғни, асаба екен. «Кешіміздің қонағы ретінде сізге мына кітабымды тегін ұсынамын» деп қарап тұр. Онда той жүргізудің сценарий үлгілері жазылған екен. Адамның бойында туа біткен таланты болмаса, одан әртіс не жазушы шыға қоюы екіталай.

Бұлай кім көрінген кітап басып, тренинг өткізе берсе, шын таланттар тасада қалып қоймай ма?

Менің айтқым келгені, ешкім де мотивациялық кездесуге барып белгілі бір мамандықтың иесі болып кетпейді. Білім де, білік те тәжірибемен келеді емес пе? Осындай тек теорияға құрылған шараларға уақыт жоғалтқанша, жергілікті кәсіпорындарда сынақтамадан өткен дұрыс. Өйткені, ауылдарда жұмыссыз жастардың қатары артпаса, кеміген жоқ.

Тағы бір белең алған жайттардың бірі – осыдан бес-он жыл бұрын аты жер жарған «желілік маркетингтің» қайта жандануы. Мысал келтірсем, менің бүйрегім ауырып, бір компаниядан дәрілік емес препараттар алып қолдандым. Аурудың сәл де болса бәсеңсігені байқалды. Енді әлгі компания қызметкерлері қыр соңымнан қалмай телефон шалып тұрады. Сондағы сұрайтындары, менің аурудан қалай айығып кеткенімді өзгелерге жарнамалау. Егер жаңа тұтынушы тапсам, маған ұпай қосылып, ақша төленеді екен. Мен келіспедім. Өйткені, мәселе адамның денсаулығына тіреліп тұрса, ақшаны қалай ойлауға болады? Адам өмірінен артық не бар?!

Сәуле ШАЙХИЕВА,

зейнеткер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button