Алғашқы ескек есу базасы қазіргі «Атырау» спорт кешенінің орнында болған

  Ескек есу деп аталатын спорт түрі еліміз бойынша тұңғыш рет Гурьевте ашылып, өркендеген. Аталмыш спорттың тарихы 1954 жылдан бастау алады. Днепропетров институтының дене шынықтыру бөлімінің түлегі Владимир Светочев Атырауға келген бойда өзінің сүйікті ісі – ескек есуді қолға алады. Бір өзі бас болып, аталмыш спорт түрін жандандырады. Жас ескек есушілерді іріктеп алып, топ құрады.

 eskekesu31955 жылы Гурьевте ескек есу спортынан республика бойынша біріншілік ұйымдастырылды. Келесі жылы атыраулық ескек есушілер КСРО халықтарының спартакиадасына қатысып, бақ сынайды. Мұнда әр жылдары 23 бапкер жұмыс жасаған. Олардың жетеуі – осы саланың үздігі ретінде танылып, құрметке ие болды. Республикалық, халықаралық дәрежедегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер шыққан. Спортшылардың 73-і спорт шебері атанған. Атыраулық ескек есушілер Сергей Сергеев, Ильфат Ғаниятуллин мен Андрей Сафарян 1966 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарына қатысты. Газетке берілген суретте – ескек есушілердің жарысы. Оның ар жағында ағаштан жасалған су бекеті, яғни, ескек есу базасы болған. Базаның орнында бүгін «Атырау» спорт кешені бой түзеді. Қазір орталықта спорттың түр-түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Республикалық, халықаралық жарыстарға жолдама алғандардың көбі де осы жерде шынығады.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА. Сурет облыстық архивтен алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз