Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Желіде Көптоғайдағы көтеріліс туралы жалған ақпарат тарап жатыр

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылында орын алып жатқан көтеріліс туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео Маңғыстау облысында өткен «Қалқан — 2021» әскери жаттығуында түсірілген кадрлар.

«17 сәуір күні кей электронды ресурстарда Көптоғайдағы көтеріліс туралы жалған ақпарат таратыла бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейді. Видеода Маңғыстау облысында өткен «Қалқан — 2021″ әскери жаттығуындағы кадрлар пайдаланылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ақпарат таратпауға шақырады » деп нақтылады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

whatsapp image 2021 04 18 at 13.17.55

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button