Желіде Атыраудағы кісі өлтіру оқиғасының видеосы пайда болды
Атырауда 23 жастағы тұрғынды белгісіздердің өлтіріп кеткені түсірілген видео Желіде тарап жатыр. Қылмыс 6 ақпанда қала орталығындағы кафелердің бірінің маңында болған. Марқұм мекемеден шыққан кезде оған екі адам шабуыл жасаған, — деп хабарлайды ATPress.kz.
Оқиға осы ауданда орналасқан кеңселерінің бірінде орнатылған камераға түсіп қалған. Кадрларынан төбелес басталғанын, кейін құлаған адамды екеудің ұрып-соққанын көруге болады.
https://youtu.be/IYA_Soqedmk
Күдіктілер ұсталған. Олар Мағыстау облысы Жаңаөзен қаласының 1995 жылғы тұрғындары болып шықты. Марқұмның туыстарының мүддесін қорғайтын адвокат Айдос Ибрагимовтың айтуынша, күдіктілердің бірі ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiре отырып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша, ал екіншісі «Бұзақылық» бабы бойынша іске тартылып жатыр. Екіншісі кепілақы арқылы бостандыққа шығарылған. Ал оның сыбайласы қамауға алынған.
«Видеожазбаға қарағанда, әдеттегі бұзақылықты байқай алмайсыз. Кепілақы түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертуге өтініш беруге ниеттімін. Сосын бапты «Адам өлтіруге», нақтырақ айтқанда, кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты аса қатыгездікпен адамдар тобы болып адам өлтіру бабына ауыстыру туралы өтініш білдіреміз», — деді Ибрагимов.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz