Атырауда Астана күні қарсаңында 195 отбасына пәтер кілттері табысталды

WhatsApp Image 2018 07 05 at 16.04.25 2 Жаңалықтар

Атырауда Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 195 отбасына «Береке» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйдің пәтер кілттері табысталды. Баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында беріліп отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-05 at 16.04.25 (2)

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов атыраулық тұрғындарды құттықтап, жаңа пәтер кілттерін тапсырды:

Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырауда біздің мемлекет басшысымен бекітілген бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Біз тұрғындардың барлығына қолжетімді болатындай тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жүргізудеміз. Бұл жарқын мерекеде 195 отбасы жаңа қонысқа көшті, – деді Полымбет Хасанов.

WhatsApp Image 2018-07-05 at 16.04.25 (3)

Айта кету керек, 2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып,  биыл 34 үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл – тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы тұрғын үй құрылысы үшін рекордтық көрсеткіш.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз