Атыраулық бойжеткен «Қазақстан аруы» атанды

photo 45814 Жаңалықтар

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалында атыраулық бойжеткен Альфия Ерсайын жеңімпаз тәжін киді. 

photo_45814

«Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін Астанадағы финалдық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды. Байқау барысында қазылар алқасы финалға шығатын тек 5 аруды іріктеді. Олардың арасында Динара Баймұратова (Семей,17 жаста), Сабина Әзімбаева (Алматы, 18 жаста), Маймуна Күлкешева (Астана, 19 жаста), Альфия Ерсайын (Атырау, 16 жаста), Екатерина Дворецкая (Карағанды, 19 жаста) бар.

Финалға шыққан бес аруды қазылар алқасы таңдаса, еліміздің номері бірінші аруын қазақстандықтар онлайн және SMS-дауыс беру арқылы таңдады.

Нәтижесінде, 16 жасар  Альфия Ерсайын «Қазақстан аруы-2018» атанып, ақшалай сыйлыққа, көптеген жарнамалық келісімшартқа және «Әлем аруы-2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз