Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары

34a987e8 cc7c 4bf7 bcee 8c0ee961d2ae Жаңалықтар

2021 жылғы 1 шілдеден бастап өтініштерді тіркеу және олармен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жаңа форматта жүргізілетіні белгілі.

2021 жылғы үш айда (шілде, тамыз, қыркүйек) «Е-өтініш» жүйесінде 6228 өтініш тіркелді, оның 5329-ы орындалды, 899-ы қаралуда. Ағымдағы жылдың 9 айында ЖАО-ға келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 27 165 құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде – 28 594, 5%-ға төмендегені байқалады.

Облыс тұрғындарымен көтерілетін өзекті мәселелер негізінен жерді пайдалану – 11 511, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 3388, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 2379, білім беру – 1422, денсаулық сақтау – 723 салалары бойынша қалыптасып отыр.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен                         336 қабылдау ұйымдастырылып, 1680 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 360 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 1320 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 270 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 101 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 27 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 243 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік берілді.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1140 азамат өтініш білдірді. Олардың:  тұрғын үй – 282, денсаулық – 176, әлеуметтік көмек – 38, білім – 125, жұмыспен қамту – 103,  жерді пайдалану – 57, жол салу – 7, кәсіпкерлік – 32, құрылыс – 17,  ономастика – 5, ауыл шаруашылығы – 11, қаржы -7, тағы да басқа мәселелер бойынша – 280. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.

 Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз