Жарнама
Жаңалықтар

ЖЕҢІСТІҢ ЖАЙСАҢ ЖЫРЛАРЫ

 

«Ақ желең дәурен, жайсаң жыр» атты ақынның шығармашылық кешіне мерейгердің тұстастары, үзеңгілес әріптес іні-қарындастары, әдебиет сүйер қауым өкілдері қатысты.

Залдағы экран арқылы Жәкеңнің өмірі мен шығармашылық белестерін бейнелейтін слайд көпшілік назарына ұсынылды. Жыр кешін халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Әлия Дәулетбаева жүргізіп отырды.

Мерейгерді Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының төрағасы, ақын Қойшығұл Жылқышиев құттықтап, облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовтің, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбаевтың атынан құттықтау хаттарын табыстап, ақын иығына дәстүрімізге сай шапан жапты.

Сахна төрінде «Нарын» халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Ж.Ароновтың «Шабыт» күйі, ақынның туған жерге деген сағынышын жырлайтын «Нарыным» әні көрермендерді   баурап  алды.

Бұдан соң филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Қадір Жүсіп қаламгердің шығармашылығы мен ақындығы туралы баяндаса, белгілі жазушы-композитор, өнер зерттеушісі Илья Жақанов әріптес інісінің бойындағы табиғат берген композиторлық талантын, ән-күйлеріндегі шуақты сезімге толы сырлы әуендері туралы ойларымен бөлісті.

Шығармашылық кеште Орал өңірінен арнайы келген досы, облыстық мәслихаттың депутаты Ғабдырахим Жаңбырбаев, журналист Әбілхан Төлеуішов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Оразбек Қасымов және басқалары сөйлеп, мерейтой иесіне өздерінің сый-сияпаттарын ұсынды. Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының оқушылары Жеңістің жібектей есілген жайсаң жырлары мен балладаларын нақышына келтіре оқып, кешті әрлендіре түсті.

Шара соңында сөз алған мерейгер өзінің шығармашылық кешін ұйымдастырып өткізуге үлес қосқан  мәдениет мекемелеріне ризашылығын айтты.

Бақытжан  ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button