Жаңалықтар
Жазғы лагерьде әкелер ұлықталды
16 маусым — Әкелер күні қарсаңында Индер ауданында Қ.Абақанов атындағы орта мектеп жанындағы «Гүлдәурен» лагерінде «Әке — асқар тау» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара қоғамдағы әкенің беделін арттыру, әке мен бала арасындағы шексіз махаббатты дәріптеу мақсатында өткізілді.
-Бұл жиынға уақыт тауып Тілекші Аманқостың әкесі Әлібек Әбіғалиев қатысты. Ол лагерьдің тыныс-тіршілігімен танысып, қызықты ойындардың куәсі болды, — дейді лагерь жетекшісі Әсемгүл Аруева.
Бес баланың әкесі кездесу барысында отбасындағы әкенің ролі, ата-анаға құрмет, ұлттық салт-дәстүрімізбен ұштасқан бала тәрбиесі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
Өз тілшіміз