Жаңалықтар
Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Жаздың алғашқы күндерінде елімізде найзағай ойнап, жиі жаңбыр жауады, ауа райы салқын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады.
Ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен және оған жуық болады. Ал орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде үсік жүреді деп болжанып отыр.