Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА АДАМ ЖИІ ЖОҒАЛАТЫН БОЛҒАН БА?!

Атырауда жыл басынан бері 5 адам жоғалғандар тізіміне енгізілді.

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңға дейін өңірде 5 тұлға із-түссіз жоғалып, оның 3-еуі табылған. Ал, екі тұлғаға қатысты іздестірілу жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше жоғалған тұлғалардың басым бөлігі отбасында жақындарымен ренжіскен жанжалдан кейін үйлерінен кетіп қалса, тағы бір бөлігінің жоғалуына ішімдікке салынулары себеп болған.

Өткен жылы барлығы 72 адам жоғалған деп танылып, іздестірілу шаралары кезінде 66 тұлға табылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button