Жарнама
Жаңалықтар

Жайық үстіндегі серуен туризмге сұранып тұр

 Атырауда алғаш рет Жайық үстінде кемемен қыдыртатын туристік бағыт жұмысын бастады.

  zhayikКәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаевадан білгеніміздей, саяхаттаушыларды тасымалдау үшін Орал қаласында арнайы кеме жасалған. Белгіленген екі су көлігі «Амангелді» өндірістік кооперативінің еншісінде. Аталған тасымалдаушы компанияның өкілі Жәния Борашеваның айтуынша, бүгінде 25 орындық «Атырау» теплоходы мен 10 орындық «Бала Ораз» кемесі саяхатшылар үшін арнайы жабдықталған.

– Демалушыларды күніне 1,5 сағаттан төрт рет тасымалдаймыз. Жайық өзенінің бойымен ондаған шақырым жүріп өтеміз. Серуен облыстық әкімшіліктің тұсынан бастау алып, Балықшы мөлтек ауданына дейінгі аралықты қамтиды. Істі жаңа бастадық. Дегенмен, тұрғындардың қызығушылығы жоғары. Сұраныс күн сайын артуда.

 zhayik3Алдағы уақытта қызмет түрлерін көрсетіп, туристік маршрутты ұлғайтамыз. Бұл бағытта жергілікті билікпен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Алдымен, аймақтағы оқу орындарында мұнайлы мекеннің көрікті жерлерін таныстырушы арнайы мамандар дайындалады, – дейді Жәния Борашева. Алдағы аптадан бастап алғашқы гид-мамандар көпшілікке қызмет көрсете бастайды. «Бұл жай ғана су көлігімен қыдыру емес, келушілердің көңілін аулап, өзіне баурайды. Кез келген қонақ немесе шетелдіктер келген жерінің тарихын білгісі келіп тұрады. Сондықтан, ішкі туризмді дамытуда оның болашағы зор», – дейді Қарлығаш Қырықбайқызы.  zhayik2

  Жайық өзеніндегі серуен кестесі кеменің тұрғылықты орнында көрсетілген. Билеттер де осы жерде сатылады. Құны – 1,5 сағатқа үлкендер үшін — 1400, балаларға — 700 теңге.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button