Жаңалықтар
Жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелі салынады
Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған 5 жерасты өткелі салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Тимур Басаров мәлімдеді.
«Жерасты өткелдері теміржол вокзалы маңындағы Баймұханов көшесінде, «Светлана» аялдамасы маңындағы Махамбет көшесінен, Азаттық көшесінің бойындағы Мемлекеттік кірістер департаменті ғимарытының маңында, Сәтпаев пен Тайманов даңғылдарының маңындағы Музыка академиясына жақын орналасқан Сәтпаев көшесі сияқты адамдар көп жүретін қауіпті аумақтарда салынады», — деді Тимур Басаров.
Жау жүргіншілерге арналған өткелдердің құрылысына қажетті жоба-сметалық құжаттар дайын. Құрылыс жұмыстары бір-екі күннен соң басталады.