«Біздің сүйікті дәрігер» телевизиялық байқауы мәресіне жетті

EAC1958 Жаңалықтар

«Atyraу» телеарнасы ұйымдастырған «Біздің сүйікті дәрігер – 2018» телевизиялық байқауы мәресіне жетті. Жиырма күнге созылған конкурс қорытындысы «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында жарияланды. Адам өмірінің арашашысы саналатын ақхалаттылардың мәртебесін одан әрі арттыру мақсатында өткізілген байқауға  21 дәрігер қатысты. Оларға 50 мыңға жуық дауыс берілді.  Ал, сайттағы қаралым саны 210 мыңды құрап, «Atyraу»  республика көлемінде басқа арналармен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жетті.

????????????????????????????????????

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалы бірігіп ұйымдастырған байқау  нәтижесінде оның жеңімпаздары мен барлық қатысушылары ұлығыланды. Үшінші орын 2278 дауыспен Жылыой ауданының дәрігер-гинекологы Марат Алдабергеновке бұйырды. Ал, Атырау қалалық №1 емхананың хирургы Қайрат Тәжімағамбетов 2400 дауыспен  екінші орынды иеленсе, бірінші орынды көрерменнің 2479 дауысымен облыстық онкологиялық диспансердің хирург-дәрігері Мақсат Шамшенов жеңіп алды. Исатай аудандық орталық ауруханасының жалпытәжірибелік дәрігері  Нұргүл Қабылова жеңіс тұғырынан көрінді. Бас жүлде иегеріне 2659 дауыс берілді. Жүлдегерлерге қаржылай марапаттар табыс етіліп, қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар ұсынылды. Алдағы уақытта аталған телеарна осы жоба арқылы емхана, ауруханалардың білікті директорлары мен үздік мейірбикелерін де анықтамақ.

Алтыншаш Нәсіпқалиқызы

Суретті түсірген:  Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз