Жарнама
Жаңалықтар

Жауынгерлік дайындықта жоғары көрсеткішке жеткен сарбаздарға грант беріледі

Қарулы Күштер қатарында мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі ұсынған жоба сарбаздарға тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беріп отыр.

AtyrauPress таратқан мәлімет бойынша, аталған министрлік университет басшыларымен бірлесіп, мерзімді әскери қызметін үздік өткізген азаматтарға жеңілдіктер қарастырған. Бастама аясында жауынгерлік даярлықта жоғары көрсеткішпен ерекшеленген сарбаздар тегін грант сертификатына ие болады. Солардың бірі – түркістандық Медеу Алмасбек. Ол Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық парызын абыроймен атқарып келді. Енді Медеу Қорғаныс министрлігі мен ЖОО арасында жасалған келісімшарт негізінде UTEBAYEV UNIVERSITY-де тегін оқиды. Жас сарбаз «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығын таңдап отыр. Қабылдау комиссиясының жұмысы басталғалы бері UTEBAYEV UNIVERSITY-ге әскери борышын өтеп, грант сертификатын алған төрт сарбаз құжат тапсырды. Ал жеті сарбаз басқа университетке жолдама алғанмен, мұнайшы болуды мақсат етіп, ақылы бөлімге емтихансыз оқуға түсті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл жоба бойынша азаматтар запасқа шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде ЖОО-на ҰБТ және емтихан нәтижелерін есепке алмай, өтеулі негізде түсу құқығына ие болады. Сондай-ақ бірінші курста жатақханамен қамтамасыз етіледі.

        

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button