Атыраулықтарды алаңдатқан жағымсыз иіс мәселесі шешімін таппақ

200722173027859a3675518i Жаңалықтар

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Атырау қаласындағы жағымсыз иіс проблемасы қалай шешіледі? Бұл сұраққа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді.

«Шынында да, мұндай фактілер болды. Мұндай жағдай шілде айында басталды. Біз қоршаған ортаның сапасын күнделікті қадағалап отырамыз. Екі факт бар. Біріншіден, бұл қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан қатты қалдықтар полигонындағы проблема. Екіншісі – «Тухлая балка» булану алаңы», – деді Мағзұм Мирзағалиев.

Экология министрлігінің басшысы бұл мәселенің шешімі – жаңа полигон салу екенін атап өтті.

«Әкімдік жаңа полигонға 50 гектар жер бөліп берді, жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Жақында әкімдік барлық санитарлық талаптарға сай заманауи полигон салуды бастар деген сенімдеміз. Екінші мәселе – сол «Тухлая Балка». Өзім сонда бардым. Мәселе барлық ағынды сулардың сол жаққа тазартусыз немесе жеткіліксіз тазалануымен төгілуінде.

Осыған байланысты біз әкімдікпен бірлесіп жұмыс жүргіздік. Атырау қаласының сол жағалауында кәрізді тазартатын жаңа құрылыстар салынатын учаске анықталды. Оның 2020 жылдың соңында пайдалануға берілетіні күтілуде. Осылайша Атырау қаласында заманға сай кәрізді тазарту қондырғы мәселесі шешілетін болады.

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап жергілікті атқарушы орган – әкімдік пен Атырау мұнай өңдеу зауыты Тухлая Балка булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстарын бастайды деп күтудеміз», – деп түйіндеді Мағзұм Мирзағалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз