Жаттығуда шыңдалады жас ұлан…
Атырау өңірлік дене шынықтыру және спорт орталығының алғашқы әскери дайындық кабинеті, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент және республикалық Қарулы Күштер ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен облыстық «Алау» жауынгерлік-патриоттық слеті болып өтті.
Оған облыс мектептерінде өткен аудандық және қалалық слет жеңімпаздары, 7-8 сынып оқушылары қатысты.
— Үш кезеңге созылған шарада барлығы 2800 бала сынға түсті. Олардың бәрі де жауынгерлік дайындық, Калашников автоматын шашып-жинау, әскери киімдерді тез арада кию, белтемірге тартылу, 60 метр қашықтыққа жүгіру, пневматикалық қарудан ату, автоматты оқпен толтыру секілді әскери жаттығулардан өтті, — дейді алғашқы әскери дайындық кабинетінің жетекшісі Нұрлан Елеуов.
Нәтижесінде Диас Мұрадымов, Саябек Оразымбетов, Нұржан Халық, Серікбай Әділгерей, Саябек Бақтығалиев, Әсел Аққалиева, Айна Мақсотова, Берекет Жалғасов және Индира Ғұмаровалар үздіктер қатарынан көрінді. Ал, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды қаладағы Жамбыл атындағы орта мектеп, екінші орынды Индер ауданының Көктем орта мектебінің командалары жеңіп алса, үшінші орынды Құрманғазы ауданынан Гоголь атындағы орта мектебінің оқушылары қанағат тұтты.
Нұрислам МӘУЛЕНҰЛЫ.