Жарнама
БілімЖаңалықтар

Жаттандылықтан арылатын кез жетті

Бұдан былай оқу орындарында Әнұран жанды дауыста орындалатын болады. Мұндай жаңа міндетті облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев талап етіп отыр. Сонда ғана Гимн өскелең ұрпақтың жадында жатталып, отансүйгіштік сезімді күшейте аламыз.

%d0%b6%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d0%b7-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96

Жастардың санасында туған жерге, елге деген махаббатты оятуда мектеп қабырғасындағы тәрбиенің атқарар рөлі зор. Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі де осы. Жиын барысында облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова бұл бағытта жасалған жұмыстарға да тоқталды.

Оның айтуынша, бұған дейін  жоғары және арнаулы әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірушілер арасында атыраулық жастар аз кездесетін. Бүгінде облыс мектептеріндегі патриоттық клубтар жұмыстарының жүйелі жүргізілуі жас буын өкілдерінің әскери қызметкер мамандығын таңдауына оң әсерін тигізіп отыр. Мәселен,  2014 жылы – 1, 2015 жылы – 3, ал ағымдағы жылы 12 түлек осы салаға оқуға түскен.

Мемлекеттік құндылықтарды ұлықтау мақсатында рәміздер күніне орай барлық білім беру мекемелерінде бір мезгілде Гимн орындалып келеді. Аймақ басшысының орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы мерекелік шаралармен шектелмей, оқу орындарында күнделікті таңертеңгілік Әнұранның орындалуын және жанды дауыста айтылуын қадағалауды тапсырды. Ал, ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева оқушылар Гимнді орындап тұрған кезде мектеп ұстаздарының өзара әңгімелесіп, қалта телефондарын шұқылап тұратынын айтып, бұған ерекше назар аударуды сұрады.

Өзге мемлекетте оқитын студенттер Қазақстанның Туын алып жүріп, шетелдіктермен фотоға түсіп, әлеуметтік желілерде жариялап жүр. Біздің көк байрағымызды таныту осыдан басталады. Бұл да – Отанын өзінше сүюдің белгісі. Сол себепті, рухани бағытта да жұмыстарды қолға алу қажет. Мәселен, патриоттық шығарламалар жазатын жазушылармен немесе осындай бағытта ән айтатын әншімен кездесулер ұйымдастыруға да болады, — деген Әлібек Ибатоллаұлы, қазақстандық патриотизмді одан әрі дамыту, жастардың отансүйгіштік сезімін нығайту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мемлекеттік рәміздерді талапқа сай қолдану және құрметтеу жұмыстарын қамтамасыз етуді міндеттеді.  Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздерді қолдану барысында орын алған заң бұзушылықтар бойынша дер кезінде тиісті шаралар алынуын қадап айтты.

Жиында әрі қарай ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева комиссияның келер жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button