Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде мыңнан аса арнайы құрал ұрланған

1545192036 news b Жаңалықтар

«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Облыстық әкімдік ғимаратын күштеп басып алу кезінде полиция қызметкерлерінен 9 дана атыс қаруын тартып алынған. Бүгінгі күні оның 4-і алынды.

Сонымен бірге,
тәртіпсіздікке қатысушылар бір мың данадан астам қалқан, каска және басқа да арнайы құралдарын заңсыз иеленген. Олардан 52-сі табылды, қалғандарын іздеу жалғасуда.


Сол себептен, тұрғындардан ұрланған қаруды полицияға тапсыруға шақырамын.
Қаруды ерікті тапсырған азаматтар заңмен қудаланбайды» деп атап өтті спикер Абзал Гилим.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз