Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жастық жігер жалындап…

Atr.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Президенттің биыл Волонтер жылы деп жариялауы ел жастарына ерекше серпін берген, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған маңызды қадам болды. Жастарды жарылқаған өткен жылдың жалғасы – еріктілер жылы. Сондықтан аймақтағы белсенді жастардың жұмысы алдағы уақытта арта түспек. Осыған орай жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспанмен сұхбаттасуды жөн көрдік.

1.

2016 жылы «Волонтерлық қызмет туралы» Заң күшіне енген еді. Енді оған үстіміздегі жылы өзгерістер енгізілмекші. Бұған дейін де барлық өңірлерде жастар волонтерлық қызметті ұйымдастыру бойынша міндетті әлеуметтік тапсырыс негізінде гранттар тағайындалған. Оны үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. Өткен жылы біздің басқарма мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Атырау волонтерлар корпусы» қызметін дамыту бойынша жұмыс жасаған болатын. Жобаны жүзеге асыру барысында 50 ерікті арнайы оқытудан өтті. Олар өз кезегінде әрқайсысы 30 адамды оқытты.

Жалпы, бұрыннан 1500 волонтер арнайы дайындалған болатын. Олар өздері топ-топ болып, жоба ойлап табуда. Осылайша, Атырауда волонтерлық қызмет жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күні волонтерлық қызметтің 12 түрі болса, оның кең таралған түрі — қайырымдылық. Мысалы, әлеуметтік желілерде таралатын шұғыл түрде ота жасату, шетелге барып ем алу бойынша көмектер беріліп отырады. Бұл қатарда, мешіт жанындағы «Иман жастары» ұйымы да бар. Жалпы, бұл көмектер жас ерекшелігімен шектелмейді. Онымен кез келген адам айналыса алады. Мәселен, өз тәжірибемде 60-70 жастағы волонтерлармен кезіктім. Олар да жастардан қалыспайды.

2.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан «Біргеміз» атты жалпыұлттық жоба бірнеше бағыт бойынша жүзеге асатын болады. Бұл «Біргеміз, Білім», «Біргеміз, Асыл мұра», «Біргеміз, Сабақтастық», «Біргеміз, Саулық», «Біргеміз, Таза Қазақстан», «Біргеміз, Үміт» жобасы бойынша жүзеге асады. Соның ішінде «Біргеміз, Сабақтастық» тармағы бойынша Атырау, Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкент қаласында арнайы өңірлік хаб жұмыс жасайтын болады.

Яғни, Атырау қаласында орталық болатын болса, бұл Батыс Қазақстан облысында жобаның жүзеге асуына жауапты. Оған қоса «Біргеміз Білім» жобасын жүзеге асыру бойынша барлық өңірлерге арнайы қаржы қарастырылып отыр. Олардың барлығы үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асады.

3.

Басқарма тарапынан жастар ресурстық орталықтары ішінен арнайы «Ерікті қозғалысты дамыту» орталығын ашу жоспарымызда бар. Мақсат — үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарымқатынаста шығын шығармай, «Нұрсая» ықшамауданындағы орталықта жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу. Аудандар да осындай жұмыстарды қолға аламыз. Биыл екі кезеңнен тұратын волонтерлық хакатон ұйымдастырғымыз келеді. Ол бойынша үздік 10 жобаға грант тағайындалады. Бірақ, бұл жоба тегін қызмет етуге тиіс.

Ал, қаражатты қалай табады, мүдделеріндегі дүние. Жыл ішінде көктем, күз айларында хакатон ұйымдастырамыз деп отырмыз. Еріктілерді арнайы бірыңғай киім үлгісімен қамтамасыз ету, жылдың соңында үздік деп танылғандарын марапаттау үшін слет немесе форум өткіземіз. Сондай-ақ, он адамнан құрылған еріктілер тобы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік, киім-кешек балаларға тәттілер таратып отырады. Балалар, қарттар үйлеріне де қол ұшын береді.

Гүләлия ИГІЛІКОВА

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/birligi-berikti%d2%a3-tirligi-bekem/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button