БОЛАШАҚ – БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯДА

Атырау көлік және коммуникация колледжінде баламалы энергия мәселесіне арналған семинар-кеңес болып өтті. «Қазақстанның болашағы» тақырыбымен инженер-педагогтарға арналған көрмеде халықаралық ЕХРО көрмесінің тарихы, қолданысқа енгізілген жаңалықтар туралы айтылып, елімізде өтетін шараның маңызы талқыға түсті.

Төрт бөлімнен тұратын семинар барысында бөлімше меңгерушісі  И.Каленова көрме тарихынан мәліметтер келтірді. Оқытушы А.Нұрмұханова Қазақстанның маңызды шараға дайындығы туралы бейнероликті назарға ұсынып, күтілетін нәтижелері туралы баяндады. 

Колледж директоры Г.Сабирова ғылыми жаңалықтарға ден қою қажеттігін атап өтті. «Көрме әлемдік ақыл-ойдың қуаты мен әлеуетінің Қазақстанға жұмылуына жол ашады. Коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымдық жұмыстар мен әуежай қызметі дамиды. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары көбейіп, Астана мен оның аумағына кіретін аймақтардағы шағын және орта бизнестің, ішкі туризмнің дамуына жол ашылады» деп атап өтті ол.

Индира КАЛЕНОВА, Атырау көлік және коммуникация колледжінің бөлімше меңгерушісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз