Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЖАСТАРДЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЫНДА САЯБАҚ САЛЫНАДЫ

Жайық өзенінің жағасында ағаш отырғызып, жаңа саябақтар салғысы келетін атыраулық жас белсенділерге жер телімдері бөлініп берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді.
«Атырау қаласын көгалдандыру» жобасына сәйкес 2019 жылы «Каспийдормостстрой» ЖШС мен Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арасында жасалған келісім-шарт бойынша қаланы абаттандыру жоспарлануда.
 Биыл қалада 35 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 14 580 ағаш отырғызылды. Жайық өзені жағасында саябақтар салу үшін жер учаскелері жастардың өтініші бойынша бөлінді», — деді қала әкімі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button