Есікке де еске алу ілетін күнге жеттік

Ойтүрткі Жаңалықтар

Атырау қаласындағы көп қабатты үйлердің қайсысына барсаңыз да, алдыңыздан есіктерге ілінген хабарландырулар шығатыны рас. Бұның ішінде не жоқ дейсіз? Бәрі де бар. Мәселен, балаларға қосымша сабақ өткізетін  фирмалардың мекен-жайлары, жұмысқа орналасу жөніндегі хабарлар, жұмыс іздеген жандардың телефондары, құжаты, иті мен мысығы жоғалған адамдардың іздеу салуы, тіпті, бүгінде қайтыс болған адамның қаделерін де осылай хабарлайтынына куә болып жүрміз.

Ойтүрткі

Әрине, газет-журналдарға хабарландыру беру ақылы, оны кез келген жанның қалтасы көтере бермейтіні анық. Алайда, жаңадан салынған мөлтекаудандарда пайдалануға берілген көп қабатты үйлердің есіктеріндегі осындай жалбыраған қағаздар мәдениет-сіздігіміздің тағы бір белгісі емес пе?

Ойтүрткі2

Қала не ауыл болсын, тұратын мекеніміз – алтын бесігіміз. Оның тазалығы да мәдениет пен әдептіліктің көрінісінен хабар беретіні сөзсіз. Жаңағыдай көріністер қалаға жаңа келген қонақтарға қалай әсер етеді? Өзіміздің қаламыздың тазалығы үшін жанымыз ашып, әрқайсымыз соған үлесімізді қоссақ, шіркін!

Осы орайда қала әкімшілігі мен пәтер иелері кооперативінің басшылары ойланса екен. Көптеген үлкен қалаларда орталық алаң-дарға бағаналар, хабарландыру ілетін тақталар орнатылған. Біздің қаламыздың әр мөлтекауданындағы көрнекі жерлерге осындай бір бұрыштарды ұйымдастыру қажет сияқты. Сонда жоғарыда айтылған сұрқай көріністер көз жауын алмасы анық. Ал, әр тұрғын өз хабарландыруын арнайы орынға іліп, басқалары да өзіне керектіні сол жерден іздер еді.

Гүлзада Рахметқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз